Қостанайлықтар интернет арқылы сатылатын есірткіге қарсы күресті бастады

Қостанайлықтар интернет арқылы сатылатын есірткіге қарсы күресті бастады

Қостанайлықтар интернет арқылы сатылатын есірткіге қарсы күресті бастады
ашық дереккөзі
Қостанайлық белсенділер есірткі саудасымен күресті бастап кетті. Еріктілер тобы синтетикалық улы заттарды жарнамалайтын көшедегі жазбалардың жолын кесуге күш салды, деп хабарлайды «Хабар 24». Заңды аттап өтпек болған есірткі таратушылар өнімдерін өткізудің астыртын амалына көшкен. Арам пиғылдылар ғимарат қабырғаларына интернет сайттары мен жеке парақшаларын жариялап жүр. Осылайша тұрақты тұтынушыларымен байланысқа шығады. Бүгінде облыстық наркологиялық диспансерінде 2 мыңға жуық адам есепте тұр. Бұл нашақорлардың тек ресми көрсеткіші ғана. «Есірткі таратушылар есірткі сатқаны үшін қандай қылмыстық жаза қарастырылғанын біледі. Бүгінде есірткі сатқаны үшін ең ауыр жаза 15-20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондықтан олар біле тұра осындай түрлі жасырын әдістерге барады. Полиция қызметкерлерінің қолына түспес үшін жазаға тартылмас үшін», - деді  облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Айгүл Ерәділова.