Жылқыны бағаламайтын бейбақтар

Жылқыны бағаламайтын бейбақтар

Жылқыны бағаламайтын бейбақтар
ашық дереккөзі
Қазан айының ішінде АҚШ-тың Солтүстік Калифорния штатында мыңға жуық жабайы жылқы бір жерге айдалып әкелінбек. Кейін олар сатылымға шығарылмақ. Жабайы жылқылар Орегон штатының шекарасына жақын орналасқан Модок ұлттық паркінің үстіртін мекендейді. Калифорниядағы жабайы жылқылардың үйірі АҚШ Федералдық орман басқармасының бақылауында. Оларды айдап әкелу 9 қазанда басталып, бір айға созылады. 1000 жануардың 700-ге жуығы буаз биелер немесе 10 жастан аспаған түліктер. Олардың біреуінің бағасы 125 АҚШ долларын құрамақ. Бұл баға 30 күн өзгермейді, одан кейін 1 жылқының бағасы 1 долларға дейін түседі. Жабайы жылқылар қасапханалардан бөлек ранчо немесе басқа да жерлерге жіберілуі мүмкін. Федералдық шенеуніктер жабайы жылқылар мекендейтін аумақ олар үшін тар болып жатқанын айтуда. «Біздің аумағымызда 206-дан 402-ге дейін жануар болуы тиіс, ал бізде қазір 4 мыңға жуық жылқы жайылып жүр», ‒ дейді Модок ұлттық паркінің бас ғылыми жетекшісі Аманда МакАдамс. Ұлттық парктегі желден жүйрік жануарларға азық пен су жетіспейтін көрінеді.