«Қайрат» бас бапкерді қызметтен босатты

«Қайрат» бас бапкерді қызметтен босатты

«Қайрат» бас бапкерді қызметтен босатты
ашық дереккөзі
Алматылық «Қайрат» бас бапкер Карлос Феррерді орнынан босатты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді. «Бүгін Феррермен келісімшарт үзілді. Ол қойған міндеттерді орындай алмады. Жақсы маман, алайда, тәжірибе жетіспеген сияқты. Тілдік кедергі де өзінікін алды. Соңғы жылдары жастарды тартып келеміз. «Қайрат» дамудың жаңа векторын таңдағанына өкінбейміз», - дейді Боранбаев. «Қайрат» футболшыларын уақытша Андрей Карпович жаттықтырады, ал бас бапкер ретінде германиялық маман тағайындалады. Еске салайық, 43 жастағы испаниялық «Қайратты» 2017 жылдан бері жаттықтырады. Сол жылғы Қазақстан премьер-лигасының қорытындысы бойынша