Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды

Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды

Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің 2018 жылы 9 қазандағы №768 қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкент қаласының сот төрағасы болып тағайындалғанға дейін, Ербол Рақымбеков ҚР Жоғарғы сотта судья қызметін атқарған. Ербол Рақымбековтің жасы 54-те. 2014-2015 жылдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болды. Осы уақыт аралығында Ербол Рақымбеков бірнеше атышулы істерді қарады: Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы болған Мұрат Оспановтың ісі; бұрынғы ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряевтің ісі; елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиев ("Әліби ісі"); өз әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі. Сонымен қатар, Ербол Рақымбеков Астанада 18 жастағы қызды өлтірген үш құрбыны ұзақ мерзімге соттады.