ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ
ашық дереккөзі

Құрметті қазақстандықтар!

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген барлық стратегиялық бастамаларға жан-жақты қолдау білдіреді. Елбасы ұсынған теңдессіз шаралар уақытылы және реформаларды әрі қарай жалғастырып, қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді тетік болып табылады. Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру, білім, ғылым, денсаулық сақтауға жұмсалатын қаражатты көбейту, қолжетімді баспанамен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызмет сапасын арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру – әр қазақстандық отбасының тұрмыс сапасын арттыратын негізгі тетіктер. Түптеп келгенде, бұл – тұрмыс сапасын әлемдік стандарттарға жеткізуге бағытталған нақты қадамдар. Қазақстан Президентінің Жолдауы әлеуметтік әділеттіліктің қағидалары мен әлеуметтік мемлекеттің құндылықтары еліміздің ең басты стратегиялық басымдықтары, ал қазақстандықтардың әл-ауқаты мен ұлттық мүдде Елбасы саясатының негізі болып қала беретінін тағы бір мәрте көрсетіп берді. Қазақстанның әрбір азаматы елдегі ауқымды өзгерістерге өздерінің қатысын сезінуі тиіс деп есептейміз. Елбасының Жолдауын тиімді жүзеге асыру әлеуметтік сала дамуының сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етеді. Біз, еліміздің жетекші саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері болып табылатын, 6,5 миллионнан астам Қазақстан азаматтарының мүддесін білдіретін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, әлеуметтік жаңғыру жөніндегі Қазақстан халқына арналған Жолдау мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысамыз. Барлық саяси күштер мен қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтық қоғам өкілдерін Мемлекет басшысының Жолдауын қолдауға және оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз! «Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «G-Global-дың Халықаралық хатшылығы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан украиндарының радасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығы, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Астаналық аймақтық коалициясының мүшелері.