10 Қазан, 16:40 573 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Алматы облысында 100 мыңға жуық адамның жалақысы өседі

Алматы облысында 100 мыңға жуық адамның жалақысы өседі. Бұл жөнінде өңір басшысы Амандық Баталов Жолдауды талқылауға арналған жиында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Жолдауда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есеге көтеруді тапсырды. Яғни, жалақы 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өседі. Бұл облыстың 100 мыңға жуық халқына тікелей қатысты, соның ішінде 41 мың бюджеттік ұйым қызметкерлеріне еңбекақы орта есеппен 35%-ке өседі», -  деді Алматы облысының әкімі А. Баталов.

Осыған орай, өңір басшысы  облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовқа, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаржы қажеттілігін анықтап, оны 2019 жылға арналған бюджетте қарастыруды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Талдықорғанда Елбасы Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті. Оған Алматы облысының барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Жиынға Амандық Баталов төрағалық етті.

Соңғы жаңалықтар