Toyota компаниясы ақауы бар көліктерін кері қайтаруда

Toyota компаниясы ақауы бар көліктерін кері қайтаруда

Toyota компаниясы ақауы бар көліктерін кері қайтаруда
ашық дереккөзі
Жапонияның Toyota компаниясы техникалык ақаумен дүние жүзіне сатылып кеткен барлық көліктерді кері қайтарып алатындықтарын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі. Ал ол көліктерден қандай кемшіліктер кеткендігі туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Кейбір мәліметтерге қарағанда, көліктің техникалық ақауы қозғалтқыштың өшіп қалуна байланысты болуы мүмкін. 2008-жылдың қазаны мен 2014-жылдың қарашасы аралығында шығарылған Prius және Auris маркалы көліктер кері қайтарылуда. Мұндай ақауы бар көліктер Жапонияның өзінде 1,25 миллион, Солтүстік Америкада 830 мың, ал Еуропада 280 мыңы бар екендігі айтылуда. Сонымен қатар, Қытай, Африка секілді өзге елдерге де тарап үлгерген. Әзірге бұл көліктердің терхникалық ақауларына байланысты ешқандай апаттық жағдайлар тіркелмеген.