Сеулде қазақ күйлері күмбірледі

Сеулде қазақ күйлері күмбірледі

Сеулде қазақ күйлері күмбірледі
ашық дереккөзі
Сеул қаласында Азия мәдениеті халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Шараға Оңтүстік Корея астанасында тұрып жатқан диаспора өкілдері қатысты. Сахнадан қытай, жапон, вьетнам, моңғол, филиппин және басқа ұлттардың ән-күйлері шырқалды. Біздің елдің атынан Кореяда оқып жатқан студенттер мен «Томирис» қазақ қоғамының мүшелері қатысты. Қазақстандықтар домбырамен ән айтып, күй шертіп, би билеп, жиналғандарды өнерлерімен тәнті етті. Айта кетейік, Сеулдегі «Томирис» қоғамы 2012 жылы құрылды. Қазір оның құрамында 50-ге жуық адам бар. Олар ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тілін балаларына мирас етуде. «Қазақстан дәстүрімізді енді басқа елде тұрсақ та көрсеткіміз келеді. Алыста болса да біз Қазақстан азаматтарымыз, сондықтан жүрегіміз қазақ деп соғып, осы жерде қазақ дәстүрін көрсеткенуге күш салып жүрміз»,- деді  «Томирис» қазақ қауымдастығының басшысы Назгүл Қарабаева.