5 Қазан, 11:47 302 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Елбасы ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін көмек болады. Бұл барлық салада, түрлі меншікті кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген 1,3 миллион адамның жалақысын өсіреді", - деді Президент.

Еске сала кетейік, кеше, Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді. "Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды", - делінген еді хабарламада.

Соңғы жаңалықтар