4 Қазан, 16:14 229 0 Қоғам Арман Құдайберген

ЖАСЫМЫҚ ЭКСПОРТЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛМАҚ

Қарағанды облысының диқандары биыл бірінші рет жасыл жасымық еккен еді. Жиын-терім маусымы аяқталмаса да өнім түсімі жақсы. Шаруалардың айтуынша әр гектарына 22 центнерден өнім жиналуда.  Сұранысқа сай бұл өнімдердің барлығы Таяу Шығыс елдеріне экспортталады. Қазір Қазақстан жасымық экспорттайтын елдердің әлемдегі бестігіне енуге бет алған. Ол үшін мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Жасымық – ауыл шаруашылығында ежелден өсіріліп келе жатқан дақыл. Азық-түлік, мал азығы ретінде және техникалық қажеттіліктерге пайдаланады. Тағам өнеркәсібінде белоктық препараттарды, шұжық пен консерві өнімдерін, сондай-ақ, шоколад, конфет, тәтті тоқаш өнімдерінің кей түрлерін әзірлеу үшін де қажет. Биыл Қарағанды облысының шаруалары майлы және бұршақ тұқымдас дақылдар алқабын үш есеге ұлғайтты.  Қазақстанда шамамен 300 мың гектар алқапқа жасымық егілді. Болашақта оның көлемі арта береді дейді мамандар. Өйткені жасымық бидай дәнімен салыстырғанда 4-5 есе қымбат болып тұр.

Соңғы жаңалықтар