МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
ашық дереккөзі
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында іске асырылып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы біршама тың жобаларды ұсынуда. Соның бірі – «EgovKzBot» телеграмм-боты. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис көрсетілетін. Анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері сынды қызметтер қолжетімді еді. Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Яғни,  туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдем­ақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті. Бір артықшылығы барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған. eGov.kz порталының мамырда іске қосылған телеграм-боты арқылы қазақстандықтар шамамен 14 мыңдай мемлекеттік қызмет алды.