Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы мәліметтерді жариялады

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы мәліметтерді жариялады

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы мәліметтерді жариялады
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 2-тоқсандағы Қазақстанның сыртқы қарызындағы өзгерістер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 164,4 млрд АҚШ доллары болды. Бұл көрсеткіш ІЖӨ-ге қатынасы 96,3%  болса, жыл басынан бастап 6,3%-ға жақсарған. «Сыртқы қарыздың құрылымына келсек,  63,0%-ы фирмааралық берешек, 26,1% кредиторларға қатыссыз «басқа секторлардың» сыртқы қарызы, 7,2% - мемлекеттік сыртқы борышы (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7% - «банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) болып отыр», - делінген хабарламада. 2018 жылғы 2-тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,2 млрд АҚШ долларына қысқарды.