Астана шенеуніктері қызмет көлігінен бас тартты

Астана шенеуніктері қызмет көлігінен бас тартты

Астана шенеуніктері қызмет көлігінен бас тартты
ашық дереккөзі
Астана әкімдігі қызмет көлігінен бас тартып, таксиге отырды. Шенеуніктер осылайша, салық төлеушілердің ақшасын үнемдейміз деп отыр. Муниципалитет жыл сайын жаңа көлік алуды тоқтатады. Ал осыған дейін сатып алынған 60 көлікті мектептер мен ауруханаларға бермекші, деп хабарлайды cenytalasian.org. Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун қыркүйек айынан бастап, салық төлеушілердің есебінен таксимен жүріп жүр. Дұрысы, тек өзін ғана алып жүретін қара түсті жеке таксиі бар. Такси қызметі қара түсті көлік тек әкімдерге арналған дейді. Ал әкімдіктің қалған шенеуніктері үшін ақ түсті көліктер бөлінеді екен. Такси жүргізушілерінің айтуынша, бір мемлекеттік қызметкер күніне кем дегенде төрт рет таксиге отырады: "Таңертең жұмысқа барады, түсте түскі асқа барады, қайтады, кейін жұмыстан үйіне қайтады. Құны – үш шақырым үшін 500 теңге. Әрі қарай есептеуішпен. Шенеуніктер бес жыл ішінде 600 млн теңге үнемдейміз деп отыр. Астана тұрғындары болса, шенеуніктердің таксиге отыруына шүбә келтіреді: "Қоғамдық көлікпен жүрсін, айналасына қарасын". Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов көптен бері ешқандай көлікке отырмағанын айтады. "Мен бұрыннан бері жұмысқа жаяу барамын. Менің жұмысым үйімнен алыс емес. Бұл өте пайдалы, енді жұмысқа бара жатқанда, көшелердің сапасын көремін. Кемшіліктерін байқасам, бірден ескерту жасаймын. Күндіз жұмысқа таксимен барамын, себебі әкімдік басшылығы қабылдаған идеяны жалғастыру керек", – дейді Астана әкімі. Әкімдік қызметкерлеріне тек эконом-класс деңгейіндегі такси шақыратынын айтады. Бұл- ең арзаны.