Теңізде әлемдегі ең үлкен кран құрастырылды

Теңізде әлемдегі ең үлкен кран құрастырылды

Теңізде әлемдегі ең үлкен кран құрастырылды
ашық дереккөзі
Теңізде әлемдегі ең үлкен кран жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «3500 тоннаға дейін жүк көтере алатын кран Теңіздегі құрылыс алаңында жиналды. Ол жерде дәл қазір мұнай өңдеу бойынша жаңа зауыт салынып жатыр. Бұл - бүгінде әлемдегі ең үлкен кран болып тұр. Салмағы - 600 тонна, оны жинау үшін қосымша 7 кран қажет болды. Ал құлап кетпес үшін әрқайсысы 100 тонналық теңгергішті пайдаландық», - дейді «Теңізшевройл» ЖШС Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас директоры Рзабек Артығалиев. Еске салайық, 2022 жылы Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жоба аяқталған кезде мұнай өндіру ісі жылына 27-ден 39 миллионға артады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Теңіз кен орнын кеңейтумен 100 мың адам айналысып жатыр.