МИЛАН ТӨРІНДЕ – «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ»

МИЛАН ТӨРІНДЕ – «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ»

МИЛАН ТӨРІНДЕ – «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ»
ашық дереккөзі
Жуырда Италияның Милан қаласында «Астана балет» театры «Ұлы дала мұрасы» атты дивертисмент, сондай-ақ, неоклассика стиліндегі бір актілі «Love Fear Loss», «A fuego lento» балеттері қамтылған «Kazakhstan Astana Ballet Gala» бағдарламасын ұсынды. Аталған шараға Милан өңірінің өнерсүйер қауымы, Қазақстан студенттері мен диаспора өкілдері, театр өнерпаздары мен музыка қайраткерлері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, сонымен қатар Қазақстанның Италиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған бұл шара қазақ өнері мен өнерпаздарының атын алыс елге танытты. Қазақстан әртістерінің Италия сахнасында табысты өнер көрсетуі осыдан кейін үздіксіз жалғасуы мүмкін. Италия жұртшылығына Қазақстанның балет ұжымы ұсынған «Астана Балет Гала» атты мазмұны концерттік бағдарламаның мазмұны бірегей. Бағдарламаға ұлттық хореографияның жаңа кескіндегі үздік үлгілерімен қатар, труппа репертуарын­дағы неоклассикалық миниатюралар енген. Ғажап музыка, қайталанбас көркем бейнелер көрермен көңілін баурап, ерекше әсер қалдырды.