Қоқыстан құрастырылған қайық

Қоқыстан құрастырылған қайық

Қоқыстан құрастырылған қайық
ашық дереккөзі
Кенияда 9 метрлік ерекше қайық жасалып, сапарға жөнелтілді. Қайықтың ерекшелігі – оның пластик қоқыстардан жасалғандығында. Оның көп бөлігі жағажайда киетін «Флип-Флоп» аяқ киімдерінен құрастырылған. Сондықтан, қоқыстан құрастырылған қайыққа да «Флип-Флоп» деген атау берілді. 9 мет­рлік қайықты толығымен мұхит­тан жиналған пластиктік қоқыс­тардан құрастырлған. Ал қайықты жасауға қажетті қаражат крауд­фандинг арқылы жиналған. Белсенділердің бұл жобаны қол­ға алудағы негізгі мақсаты – теңіз­дер мен мұхиттардың ластануына көпшіліктің назарын аудару. Себебі мамандардың айтуынша, айдынға түскен қалдықтар су жануарларына аса қауіпті. Ал белсенділердің бұл шарасы жергілікті биліктің қолдауына ие болды. Өйткені туризм – Кенияның басты табыс көздерінің бірі. Сондықтан, үкімет демалыс­ жағажайларының таза болуы үшін түрлі шараларды қолға алып келеді. Өткен жылы мемле­кет пластик пакеттерге қатысты әлемде ең қатаң заңның бірін қабылдады. Оған сәйкес, пластик пакеттерді жасаған, сатқан немесе қолданған адамдар 40 мың доллар айыппұл немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.