Балалар мультфильмдерді тек орысша көріп жүр – депутат

Балалар мультфильмдерді тек орысша көріп жүр – депутат

Балалар мультфильмдерді тек орысша көріп жүр – депутат
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов елімізде балалардың мультфильмдерді тек орысша көріп жүргенін айтып, аталған мәселеге назар аударуды талап етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Кинематография туралы» заң жобасын таныстырды. Жиын барысында Абай Тасболатов министрге бүгінгі таңда балалардың мультфильмдерді тек орысша көріп жүргенін ашына айтты. “Арыстанбек Мұхамедиұлы, біз жастарға қашан көңіл бөлеміз? Сіз мемлекет ақша бөледі, барлығы жақсы болып жатыр дедіңіз. Келешегімізге көңіл бөлуіміз керек. Жексенбі күні (балалар үшін - автор) “Балапан” телеарнасынан басқа ешкім қазақша хабар бермейді”, - деді депутат. Сонымен қатар ол аталған мәселені бүгін шешу қажеттігін атап өтті. “Жарайды, ақша жетпей жатыр, мамандар жоқ” дейсіздер. “Маша и медведь” мультфильмін неге қазақшаға аудармаймыз? Ертегілер де бар ғой. Балалар ылғи соларды көреді. Олар балабақшадан немесе мектептен келеді де мультфильмдерді орысша көреді. Ал мектепте қазақша оқиды. Менің ойымша, осы мәселеге дұрыстап көңіл бөлу керек. 2-3 жылдан соң, бұл мәселені шешу кеш болады”, - деп түйіндеді сөзін Абай Тасболатов. Еске сала кетсек, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының бірінші оқылымында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин елдегі фильмдерге «ұлттық» мәртебе беру барысында сұрыптау белгілеріне қатысты пікір білдірді. Ол қазақстандық фильмдердің барлығын сақтау қажеттілігі бар екенін айтты және отандық кинотеатрлардың жұмысын бақылауға алу керектігін жеткізді. Сондай-ақ Мәжілісте баяндама жасаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақфильм» киностудиясының техникалық жабдықталуы төмен екенін мәлімдеді