Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Мықтылардың мықтысы – Әбілқайыр Мәулен

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Мықтылардың мықтысы – Әбілқайыр Мәулен

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Мықтылардың мықтысы – Әбілқайыр Мәулен
ашық дереккөзі
Басты ұлттық спортымыздың бірі – қазақ күресі бүгінде елімізден тысқары жерлерге де кең танымал. Қазақстанда қазақ күресінен «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Әлем барысы» секілді сайыстар өтсе, Түркіменстанда өткен 2017 жылғы жазғы Азиадаға қазақ күресі енгізілген-ді. Енді міне, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында да қазақ күресінен жарыс жалауы желбіреді. Төл спортымыздан өткен сайыста 70 елдің өкілі бақ сынады. Үш салмақ дәрежесінде өткен тартысты сайыста қазақ палуандары мықтылығын көрсетті. Екі алтын мен бір қола медальді қанжығасына байлаған қазақ спортшылары еліміздің намысын лайықты қорғап, екі мәрте әнұранымыз шырқалды. Әсіресе, қазақ күресінен ерекше қайрат көрсетіп, жеңімпаздар тұғырының ең биігінен көрінген Әбілқайыр Мәулен орыс, тәжік, моңғол палуандарының жауырынын жер иіскетіп, финалда бұған дейін қазақ күресінен әлем чемпионы болған қырғыз палуанын таза жеңіп, қазақ елінің мәртебесін асқақтатты.