Cу тасқынынан қаза тапқандар саны 1400 адамнан асты

Cу тасқынынан қаза тапқандар саны 1400 адамнан асты

Cу тасқынынан қаза тапқандар саны 1400 адамнан асты
ашық дереккөзі
Үндістанда толассыз жаңбыр маусымы басталғалы бері көз жұмған адамдар саны 1400-ден асты. Табиғи апаттан анағұрлым  зардап шеккен Керала штатында 488 адам мерт болған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.  Үндістан ІІМ дерегіне сәйкес, елдің оңтүстігіндегі Керала штатында мұндай су тасқындары соңғы жүз жылда болмаған. Тасқындар салдарынан 14 уезде 5 млн 411 мың адам зардап шекті. Табиғи апат зардабын жоюға көмектесетін лагерьлердің орталықтары лық толған. 57 мың гектар ауылшаруашылық дақылдары жойылды. Су тасқынынан Уттар-Прадеш және Батыс Бенгалия штаттарына да айтарлықтай зақым келді. 200-ден астам адам қаза тауып, 100 мың гектар егістік жарамсыз болып қалды. Үндістанда маусым айынан қыркүйекке дейін жауын-шашын маусымы болады. Бұл уақытта су тасқындары, лай көшкіндері және басқа да табиғи апаттар жиі орын алады.