Қазақстанда алғаш рет химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда алғаш рет химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда алғаш рет химиялық кастрация жасалады
ашық дереккөзі
Қазақстандағы сот шешімі негізінде химиялық кастрацияны жасауға бір өтінім келіп түсті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны жүргізу және оны қолдану ережелері туралы бұйрығы күшіне енді. Сәйкесінше, соттың шешімі негізінде бұл шара іске асырылуы мүмкін. Республикалық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Бүгінде соттың шешімі негізінде химиялық кастрацияны жүргізуге бір өтінім келіп түсті», - деді вице-министр Үкімет Үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол химиялық кастрация жазасын тағайындау рәсіміне тоқталып өтті. «Сот шешімінен кейін, дәрігерлік-консультативтік әрі психиатриялық комиссияның отырысы өтеді. Тек осы шаралардан соң жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл мәселеде сот шешімі негізге алынады», - деп түсіндірді Л. Ақтаева. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы күшіне енді. Соған сәйкес жылдың басында Бас прокуратурада өткен жиында химиялық кастрациялауды жүргізу мәселесі қаралған болатын.