Канада NAFTA-дан шығуы мүмкін

Канада NAFTA-дан шығуы мүмкін

Канада NAFTA-дан шығуы мүмкін
ашық дереккөзі
Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ тарапы үшін сәтті келісімге қол қойылмаса, Канаданың Солтүстік Америка еркін сауда одағынан шығу керек деген идеясын алға тартты, деп хабарлайды Хабар 24. Трамп алдағы уақытта Канаданың ұйымға мүше болуының еш саяси қажеттілігі жоқ екенін айтады. Ал өзінің Твиттер парақшасында конгресті бұл мәселеге мүлдем араласпауын сұрады. Трамп жақтастары да сауда жөніндегі келісімдердің әділ болуын даусыз қажеттілік деп есептейді. НАФТА келісімі ресми түрде 1994 жылы жұмысын бастап, АҚШ, Канада және Мексика елдерінде ауқымды ортақ нарық құрды. Бұл ұйымның шартын қайта қарастыру керек деген келіссөздер бір жылдан астам уақыт жүрді. «НАФТА келісімі Канадаға ғана тиімді болып тұр. Ал АҚШ-та мыңдаған кәсіпорын жабылып қалды. Миллиондаған жұмыс орнынан айырылдық. НАФТА келісіміне мүлдем көңілім толмайды. Одаққа мүше болу ең үлкен қателік болды. Экономикалық тұрғыдан АҚШ тарапы орасан зор шығынға кенелді. Бұл туралы ешкім тіс жармаған», – деді АҚШ  Президенті  Дональд Трамп.