ШҚО-да биыл 3500-ге жуық адамды кене шаққан

ШҚО-да биыл 3500-ге жуық адамды кене шаққан

ШҚО-да биыл 3500-ге жуық адамды кене шаққан
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында кенеден келер қауіп жоғары болып тұр. Өйткені тамыз-қыркүйек айларында осы қансорғыштар белсенділігінің екінші маусымы басталады екен, деп хабарлайды Хабар 24. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірде 3500-ге жуық адамды кене шақса, соның ішінде 18 адам кене энцефалитін жұқтырған. Белгілі болғаны олардың барлығы дер кезінде дәрігер көмегіне жүгінбеген екен. Мамандар кесел тарататын жәндіктер көп кездесетін аймақтарды да атап көрсетті. Олардың арасында шалғайдағы Зайсан, Зырян, Қатон-Қарағай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласы бар. Сондықтан әлі де болсын табиғат аясында демалуда аса сақ болған жөн.