Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі саудаға шығарылды

Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі саудаға шығарылды

Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі саудаға шығарылды
ашық дереккөзі
Астанадағы 45 қабатты «Зүбәржат квартал» (Б блогы) әкімшілік ғимараты gosreestr.kz электронды сауда алаңына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Нысанды «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС саудаға шығарған. Бастапқы бағасы - 24 миллиард 83 миллион 228 мың теңге. Жалпы ауданы 100 923,7 шаршы метрді құрайтын ғимаратпен бірге, оған жапсарлас жатқан жер учаскесі, қосалқы ғимарат және жылжымалы мүлік те сатылады. Сауда 4 қыркүйекте басталады. Көк тіреген ғимарат Қонаев көшесі, 8 мекенжайында орналасқан.