Астанада автобустың жолақысын SMS арқылы төлеуге болады

Астанада автобустың жолақысын SMS арқылы төлеуге болады

Астанада автобустың жолақысын SMS арқылы төлеуге болады
ашық дереккөзі
Таяу арада автобуста жол ақысын SMS арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.    "Астана тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында тұрақты түрде қоғамдық тыңдау өткізіледі. Шараның мақсаты - өзекті проблемаларды анықтау және оны айтылған шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау арқылы шешу жолдарын қарастыру.  Қазіргі таңда ең өзекті мәселе - қоғамдық көліктің жұмысы.  Осыған байланысты 20 тамыз 2018 жылы қалалықтарды қоғамдық тыңдауға белсенді қатысуға шақырамыз. Тақырып - жол ақысын SMS арқылы қосымша төлеудің тәсілдерін енгізу мәселесі" делінген хабарламада. Тыңдалымның өтетін уақыты мен орны: 20 тамыз, 16:00, Астана қалалық мәслихат отырысының залы, Бейбітшілік к, 11, 2-қабат.