«Механик Погодин» тұтқындалды

«Механик Погодин» тұтқындалды

«Механик Погодин» тұтқындалды
ашық дереккөзі
Украина қауіпсіздік қызметі Херсон портында ресейлік «Механик Погодин» танкерін тұтқындады. Әзірге кеме портта қаңтарылып тұр. Танкер немесе экипаж мүшелерін ұстау туралы сот шешімі шыққан жоқ.  Украинаның Қырымдағы президент өкілі Борис Бабин 10 тамызда Херсонның сауда портында Ресейдің туы желбіреген кемені байқап қалған. Ал оның иесі бұрынырақ Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің санкциялар тізіміне енгізілген екен. Сондай-ақ, Бабин кеменің бұл порттан жақын арада шығарылмайтынын, ал кемені қамау туралы сот тыңдауы жақын араға жоспарланғанын айтқан. «Механик Погодин» танкерінің операторы – «В.Ф. Танкер» жүк тасымалдау компаниясы. Ол Санкт-Петербург портында тіркелген. Кеме «Внешэкономбанкке» еншілес ұйым VEB-Лизинг иелігінде болып шықты. Танкер Төменгі Новгородтағы «Красное Сормово» зауытында 2011 жылы жасалған.  Ол шикі мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған танкер. Кеменің ұзындығы 141 метр, ені шамамен 17 метр. Экипажы –  14˗16 адам. Бүгінгі таңда бұл типтегі танкерлер Ресейдің өзен кеме қатынасындағы ең ірі кемелер болып табылады. Ал Ресей Мемлекеттік дума депутаты Леонид Калашников, өз кезегінде, Украинаға «Механик Погодин» танкерін тұтқындағаны үшін қатаң жауап берілетінін мәлімдеді. Ресей кемелері талай түйткілді бастан кешуде. Швецияда маскүнем капитан ұсталса, Херсонда санкциялық тізімге енгеніне қарамастан, Украина аумағына өткен  танкер тұтқындалды. Бұл өктемдік пе, өзгелерге қыр көрсету ме?