Маскүнем капитан басқарған кеме

Маскүнем капитан басқарған кеме

Маскүнем капитан басқарған кеме
ашық дереккөзі
Құрғақ жүк таситын BBC Lagos кемесін Швецияның жағалауында қайраңға ұрындырған Ресей Федерациясының капитаны 5 тамыз күні қамауға алынды. Мұндай шешімді аудандық сот күдікті капитан Швециядан қашып кетпеуі үшін қабылдаған. Мас күйінде кеме басқарғанын мойындаған капитан Швецияда қамауда қалғысы келмейтінін, Ресейде отбасы бар екенін және осы салада 11 жыл бойы қызмет атқарып, кемемен әлемнің барлық суларында жүзгенін айтқан. Істі жүргізуші прокурор Фредрик Джонсон соттағы пікірталас кезінде қылмыс жасағаны үшін орыс капитанының түрмеге қамалуы туралы үкім шығарылуы әбден мүмкін екендігін атап өтті. – Қандағы алкогольдің жоғары құрамын, капитанның ұйықтап қалғанын және кеме көлемінің соншалықты үлкендігін ескере келсек, осы іс˗әрекеті үшін ауыр жазаға ұшырауы ықтимал, – деді прокурор. 130 метрлік BBC Lagos жүк кемесінің бортында 5 мың тонна бидай болған. Ал маскүнем капитан қисаңдаған күйінде Хельсингборг портының маңайында ұсталған. Жағалау күзетінің мәліметі бойынша, кеме Литвадан Испанияға жол тартып бара жатқан көрінеді.