Жемқорлықты жою – ортақ міндет

Жемқорлықты жою – ортақ міндет

Жемқорлықты жою – ортақ міндет
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлықты жою – маңызды міндет. Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде  «Нұр Отан» партиясы да бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді. Сондай шаралардың бірі партияның Астана қалалық «Бірлік» филиалының «Санитарлық авиация» бастауыш партия ұйымында өтті. Партия өкілдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты  жою мақсатында «Нұр Отан» партиясы аталған бағдарламаны жүзеге асырып  келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру адамгершілік,  интеллектуалды, мәдени даму үшін және адамның сыбайлас жемқорлықтан бас тартудың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін оқытудың үздіксіз үдерісі болып табылады. Ең алдымен, біз жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруымыз керек», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов. Отырыс барысында Шыңғыс Қожахметов заң бойынша жемқорлық фактісі орын алған жағдайда ақпаратты ұйым басшысына немесе өкілетті органға жеткізу әр азаматтың парызы екендігін тілге тиек етті. «Әр адам жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық болатындығы туралы мәліметті тиісті органдарға айтуға қорықпаулары керек. Ондай жағдайда көмегі тиген азамат мемлекеттің қорғауында болады», – деді «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.