Талай түйткіл тарқатылған жиын

Талай түйткіл тарқатылған жиын

Талай түйткіл тарқатылған жиын
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. «Нұр Отан» партиясының азаматтарға министрліктер мен ведомство жетекшілеріне тікелей сауал жолдауға берген мүмкіндігін тиімді пайдаланған қазақстандықтар бұл жолы да көп болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен жүздесуге 20-дан астам адам жиналды. Азаматтар базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан бастап, «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың ерекше тәуекел бөлімшесінің ардагерлерін қолдауға дейінгі тақырыптар бойынша сауал қойды. Семей ядролық полигонының қатысушылары айтқандай, «атом солдаты» проблемасы  жаңадан пайда болған жоқ. Ардагерлер оларға арнайы мемлекеттік жәрдемақының төленуіне қол жеткізе алмай жүр.  Оған ардагерлердің ерекше бөлім әрекетіне қатысуын растайтын құжаттары туралы мәселенің реттелмеуі себеп.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова «Невада-Семей» ХПҚ ардагерлері комитетінің төрағасы  Мелгиз Метовты тыңдай отырып, бұл істі жеке бақылауына алатынын жеткізді. Қабылдау барысында астаналық Азия Горбунованың мәселесі оң шешімін тапты. Оның екі жастағы қызы Әмина мүгедек және санаториялық-курорттық емге зәру. Партияның қоғамдық қабылдауына жүгінудің арқасында оған жолдама берілді. Ағып өтетін тромбоцитопениялы Виллебранд ауруына шалдыққан ІІ топтағы мүгедек Бақытжан Нургузоваға да жолдама беруге уәде етілді. Бақытжан Нургузованың айтуынша, мүгедектікке ол аппендицитті алып тастау кезінде xирургиялық қайшыларын алуды ұмытып кеткен дәрігерлердің қателігінен тап болған. Министр жиында ведомствоның реформа жүргізіп жатқандығын атап өтті. «Біз медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландырудың сырттай пішініне алмастырғымыз келеді. Тіпті, келудің қажеті болмайды, яғни сіздердің медициналық көрсетілімдеріңіздің деректері автоматты түрде сарапшылар тобына жіберіліп отырады. Олар бір қаланың сарапшылары емес, түрлі облыстың өкілдерінен құралмақшы. Бұл кезек бойынша мәселені шешуге, сонымен қатар, көмек сұрағандардың уақыты мен күшін үнемдеуге де жол ашады», – деп атап өтті Мадина Әбілқасымова. Сонымен қатар, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Дәмежан Сәдуақасова Еңбек министрлігіне күн сайын қазақстандықтардан 40 шақты өтініш түсетіндігін айтты. Қазір олардың басым көпшілігі базалық зейнетақы төлемін бір уақытта арттыруға қатысты көрінеді. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдаулары – қазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған таптырмас алаң. Алғашқы жартыжылдықтың өзінде 44 мың өтініш қаралып үлгерді.