Оқу-жаттығу полигонында жарылыс болды

Оқу-жаттығу полигонында жарылыс болды

Оқу-жаттығу полигонында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы оқу-жаттығу полигонында снарядтың жарылуынан әскери қызметкерлер зардап шекті, деп хабарлайды Sputniknews.kz. Қоғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай, әскерилердің бірінің батыл әрекеті қайғылы жайттың алдын алған. 14 тамызда Қапшағай қаласына жақын жердегі "Қазақстан" оқу-жаттығу полигонында төтенше оқиға болды. Расталмаған деректерге сүйенсек, нысана алаңын әзірлеу кезінде "белгісіз зат" жарылып кеткен. Салдарынан 10 адам зардап шекті. Олардың бірі сержант М. Ахметов жарақатына қарамастан, көлікпен үш шақырым жолды жүріп өтіп, жиын командованиесіне хабар берген. Әскери қызметкерлерге медициналық жәрдем оқиға орнында дер кезінде көрсетілді. Таратылған хабарламада зардап шеккендердің жағдайы бір қалыпты, ем алып жатыр делінген.