Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыру басталды

Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыру басталды

Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыру басталды
ашық дереккөзі
Қазақстанда 15 тамыздан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру және кешенді тестілеу басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Тестті қайта тапсырғысы келгендер ағымдағы жылдың 25 шілдесінен 3 тамыз аралығында өтініш берген. Бүгінде олардың саны 40 718 адамды құрады. Жалпы, өтініш берушілердің 66 пайызы ҰБТ мен КТ-ны қазақ тілінде, 33 пайызы – орыс тілінде және 11 адам ағылшын тілінде тапсырмақшы. Бүгінде, қайта тестілеуден өту ақысы – 2 242 теңге, Қазпошта немесе Халық банк арқылы төлеуге болады. ҚР БҒМ хабарлағандай, ҰБТ-ны қайта тапсырудың бірнеше себебі бар. Сонымен, түлектер ұпай саны шектік балға жетпей қалса, нәтижесі жойылса немесе ҰБТ/КТ-ға қатыспаса емтиханды қайта тапсырады. «Бұл жолы бес пән бойынша сұрақтарға толық білім беретін бөлімде оқығысы келетін 18500 адам жауап береді, ал қысқартылған бағдарлама бойынша білім алғысы келетін 22 218 адам екі пәннен ғана тапсырады», - дейді мамандар. Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу ағымдағы жылдың 19 тамызына дейін 40 ЖОО базасында жалғасады. Айта кетейік, қайта тапсырылған тесттің қорытындысы сол күні Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады. Ал, егер келіспеушіліктер болып жатса апеляцияны сол күні түске дейін тапсырып үлгеру керек.