Биыл Қазақстан аумағында 1 мыңнан астам көлік ұрланды

Биыл Қазақстан аумағында 1 мыңнан астам көлік ұрланды

Биыл Қазақстан аумағында 1 мыңнан астам көлік ұрланды
ашық дереккөзі
2018 жылы Қазақстанда 1 мыңнан астам көлік ұрлау фактісі тіркелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінен хабарлады. «Ағымдағы жылғы 7 айда Қазақстан Республикасының аумағында 1 мың 161 автомтокөлік ұрланды. Оның ішінде 374 ұрланған көлік иелеріне қайтарылды», - деп атап өтілген Ішкі істер министрлігінің мәліметінде. Ведомствоның хабарлауынша, көлік бөлшектерінің ұрлығына қатысты істер көбіне Алматыда тіркеледі екен. «Сонымен қатар, 4 287 автокөлік бөлшегін ұрлау фактісі тіркеліп, оның басым бөлігі Алматы қаласында орын алған», - делінген министрлік ақпаратында.