Оралда 8 жастағы бала бір аптада 3 рет бөтен көлікті айдап әкетті

Оралда 8 жастағы бала бір аптада 3 рет бөтен көлікті айдап әкетті

Оралда 8 жастағы бала бір аптада 3 рет бөтен көлікті айдап әкетті
ашық дереккөзі
Оралда сегіз жастағы бала бір аптада үш рет бөтен көлікті айдап әкетті. Баланың үшінші құрбаны – Hyundai маркілі көлік, ол жөнделіп жатқан көшеде тұрған бетон блокка барып соғылған, деп хабарлайды Today.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап. Жол апаты болған орынға полиция келіп жетіп, баланы ұстады. "Қазір автокөліктің қожайыны кім екенін анықтап жатырмыз. Жол апаты болған орынға ювенальды полиция қызметкерлері келжі. Олар баланы үйіне апарады", – деді тергеуші. Баланың таныстары жол апатының 12 тамызда, сағат 18:00 шамасында болғанын айтты. "Бала бөтен көлікті бірінші рет айдап әкетіп отырған жоқ. Ол бойы кішкентай болғандықтан жолды дұрыс көре алмайтынын айтты. Ол көлікті айдап әкетіп, қайда бара жатқанын білу үшін орындықтан тұрған", – деді баланың бір танысы. Порталдың мәліметінше, сегіз жастағы бала бірінші рет көлікті 6 тамызда айдап кеткен. Гаражы бар кооперативтің аумағынан ол Suzuki автокөлігін ұрлап әкетіп, рөлге ие бола алмай "Лада-Гранатаға" соғылған. 9 тамызда "Тойота" микроавтобусын айдап әкетіп, көпір жиегіне түйіскен. Баланың ата-анасы әкімшілік жазаға тартылады.