«Барселона» футбол клубының 12 жанкүйері жол апатынан қаза тапты

«Барселона» футбол клубының 12 жанкүйері жол апатынан қаза тапты

«Барселона» футбол клубының 12 жанкүйері жол апатынан қаза тапты
ашық дереккөзі
Эквадордың «Барселона» футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасының сырт алаңдағы ойынынан кейін қайтар жолда жол апатына ұшырады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды. Клуб президенті Хосе Франсиско Чеваллостың мәлімдеуінше, жазатайым оқиға жексенбі күні болған. Эквадор чемпионатының матчынан кейін Куэнкадан Гуаякильге қайтар жолда «Барселона» клубының жанкүйерлері мінген көлік апатқа ұшырап, соның салдарынан 12 адам ажал құшқан, тағы 30-ы жарақаттанған. «Барселонаның» стадионында қаза тапқан жанкүйерлерді еске алу шарасы өтеді. Жол-көлік оқиғалары Эквадорда жиі адам өліміне әкеп соқтырады. Жергілікті қызметтердің ақпаратына қарағанда, күн сайын орта есеппен 1 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам зардап шегеді.