Қостанай облысында бес мектеп жабылады

Қостанай облысында бес мектеп жабылады

Қостанай облысында бес мектеп жабылады
ашық дереккөзі
Қостанай облысында биыл бес бірдей бастауыш мектеп жабылмақ. Жергілікті әкімдіктер осындай шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды Хабар 24. Басты себеп бұл білім мекемелерінде бала саны толмайды. Облыс бойынша қазіргі таңда 509 мектеп бар. Ал білім ошағы жоқ елді мекендер саны 180-ге жуықтайды. Ондағы балалар жақын маңдағы ауылдардан қатынап немесе интернатта жатып оқып жүр. Енді олардың қатарына жабылған мектептердің 16 оқушысы қосылмақ.