Семейде «өзін тонаған» қыз 7 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Семейде «өзін тонаған» қыз 7 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Семейде «өзін тонаған» қыз 7 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін
ашық дереккөзі
21 жастағы семейлік студент қыз өзін тонап кетті деп полицияға жалған арыз түсірген. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ШҚО ІІД мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 11.00-де қыз орталық полиция бөліміне  автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп, тартып әкетті деп арызданған.  Сөмкеде 200 мың теңге ақша мен банк карточкалары болған. Факті бойынша жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылады. «Тонау» бабына сәйкес сотқа дейін тергеу амалдары басталады. Алайда, тергеу барысында қыз баланың орын алған оқиғаны  ойдан шығарғаны анықталды. Сөйтсе қаржының бәрін керегіне жаратып қойған ол осындай амал ойлап тапқан. Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі (Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Енді ол жалған ақпарат бергені үшін 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.