Созаққа құмар туристер

Созаққа құмар туристер

Созаққа құмар туристер
ашық дереккөзі
Биылғы жылы Түркістан облысы, Созақ ауданының көрікті жерлерін аралауға 3 мыңнан аса турист келген. Жыл соңына дейін ауданға келетін саяхатшылардың саны 4 мыңға жетпек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары дейді мамандар. Ауданда туристерді қызықтыратын тарихи нысандар жетерлік. Мәселен, Баба Түкті Шашты Әзіз, Ысқақ баб, Қара бура, Ақбикеш кесенесі туристік бағытқа енген. Созақ ауылындағы Қанай Хақ мешіті де туристердің жиі бас сұғатын орны. 19-ғасырда салынған көне мешіт композициясына Орталық Азия мен орыс архитектурасының элементтері қатар қолданылған. Кеңес заманында астық қоймасы, ауыл клубы болғанымен мешіттің барлық бөлігі, тіпті, ішкі өрнектеріне дейін бүлінбей тұтас сақталған. Туристер Созаққа неге құмар екен, ә?! Уран өндіріледі деуші еді...