«Нұр әлем» павильонында роботтар балы өтіп жатыр

«Нұр әлем» павильонында роботтар балы өтіп жатыр

«Нұр әлем» павильонында роботтар балы өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Енді елордадағы «Нұр әлем» павильонында алдағы екі ай бойы роботтар балын тамашалауға болады. Ерекше шарада әлемнің әр қиырынан әкелінген құлтемірлер өнер көрсетеді, деп хабарлайды  24.kz. Жасанды интеллектпен жабдықталған қондырғылар үздіктердің үздігі. Олар сурет салады, би билейді, ән шырқап, шахмат ойнайды, тіпті, адаммен еркін диалог қалыптастыра алады. Яғни АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропа елдерінен ұзын-саны 30-ға жуық роботтың қай-қайсысы да таңдай қақтырады. Айта кетейік, шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бір күннің ішінде оны 600-дей тұрғын тамашалап үлгерген.