Қару-жарақ дүкендері уақытша жабылады

Қару-жарақ дүкендері уақытша жабылады

Қару-жарақ дүкендері уақытша жабылады
ашық дереккөзі
Қырғызстанда 10 тамыздан бастап қыркүйек айының басына дейін қару-жарақ дүкендері жабылады. Бұл туралы ІІМ хабарлады, деп жазды centralasian.org. Мұндай шешім Ыстықкөлде 2-8 қыркүйек аралығында III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны және 3 қыркүйекте Түркітілді мемлекеттер әріптестігі кеңесінің өтуіне байланысты қабылданды. Осы шараларды өткізу кезінде ІІМ халықтан аңшылық қаруларын да жинап алуды көздеп отыр. Қырғызстанда оннан астам қару-жарақ дүкені бар, олар негізінен аңшылық қаруларын сатады. Бұған қоса, ІІМ қару-жарақ, жарылғыш заттарын өз еркімен өткізгендерге сыйақы тағайындауды ұсынды. Министрлік мәліметі бойынша, 2010 жылғы оқиға кезінде жоғалған және қолды болған 1190 қарудың 555-і қайтарылған.