АҚШ-та ұшақ құлады

АҚШ-та ұшақ құлады

АҚШ-та ұшақ құлады
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Санта-Ана қаласында 2 қозғалтқышты шағын ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Әуе көлігі шаһар үстімен кетіп бара жатып, кенеттен сауда орталығының қасындағы тұраққа құлап түскен. Ұшақтағы барлық жолаушы көз жұмды. Ал жерде ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге ұшақтың неліктен апатқа ұшырағаны белгісіз. Федералдық азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, экипаж апат болар алдында жерге төтенше жағай туралы дабыл берген.  Қазір тергеу жүріп жатыр.