Демалыс күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Демалыс күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Демалыс күндері Қазақстанда аптап ыстық болады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 2018 жылғы 4-6 тамыз күндері болатын ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы ыстық болады. Кей жерлерде күн күркіреп, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, солтүстікте жел екпіндете соғады. Өңірлерде 25-30 градус ыстық болады, ал еліміздің оңтүстігі мен батысында ауа температурасы 33-38 градусқа дейін жетеді. Еліміздің солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында тағы да аптап ыстық болады, 5 тамыздан бастап ауа температурасы 25-32 градусқа дейін көтеріледі.