Аю қуып, қойшы қашып...

Аю қуып, қойшы қашып...

Аю қуып, қойшы қашып...
ашық дереккөзі
Ош облысының Қарақұлжа ауданында аюлар 67 қойды жайратып салған. Нақты деректерге қарағанда, 22 шілде күні Октябрь ауылы маңындағы Бештерек жайлауында жергілікті тұрғынның қойларына екі аю шапқан көрінеді. Жақындап қалған жыртқыштардан қатты қорыққан шопан тұра қашқан. Қырсық шалғанда, қой етіне сонша құмар қоңыр аюлардан үрейі ұшқан қойшы оңбай құлап, есінен  танып қалыпты. Бірақ түз тағыларының  онымен  ісі болмаған.  Қазіргі таңда шопанның қолын сындырып алғаны белгілі болды. Осы ақпараттан кейін жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аюларды жайлаудан алысқа қуып жіберу туралы тапсырма берген. Бірақ ашыққан аюлар билік өкілдерінің тапсырмасына көне қояр ма екен?!