Нұра өзенінде жасөспірім мен әйел суға кетті

Нұра өзенінде жасөспірім мен әйел суға кетті

Нұра өзенінде жасөспірім мен әйел суға кетті
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Нұра өзеніне барған жасөспірім мен әйел адам суға кетті. Ведомствоның ақпараты бойынша, 31 шілде күні таңертең Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылынан 300 метр жерде Нұра өзенінде құтқарушылар бір күн бұрын шомылып жүріп, суға ағып кеткен 13 жасар жасөспірімнің денесін тапты. Сол күні Р. Қошқарбаев ауылынан 3 шақырым қашықтықта Нұра өзенінде  суға кеткен 32 жастағы келіншектің денесін алып шықты. Ведомствоның ақпараты бойынша, суға ағып кеткендер шомылуға арналмаған жерде шомылған.