Африкада журналист Орхан Джемаль мен оның әріптестері мерт болды

Африкада журналист Орхан Джемаль мен оның әріптестері мерт болды

Африкада журналист Орхан Джемаль мен оның әріптестері мерт болды
ашық дереккөзі
Орталық Африка Республикасында журналист Орхан Джемаль, оператор Кирилл Радченко және режиссер Александр Расторгуев қаза тапты, деп "Дождь" телеарнасы Михаил Ходорковскийдің "Зерттеу басқармасы орталығындағы" дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Журналистер "Вагнер" жекеменшік әскери компания туралы фильм түсіріп жүрген. Орхан Джемальдің өлімін BBC телеарнасына "Зерттеу басқармасы орталығының" редакторы Андрей Коняхин мен журналистің досы Максим Шевченко растаған. Коняхиннің айтуынша, журналистер ОАР-ға 28 шілдеде таңертең келген. "Соңғы мәрте біз онымен 26 шілдеде кешке сөйлестік. Біз нақты не болғанын білмейміз", – деп түсіндірді Коняхин. Басқа бір дереккөз журналистерді блокпостта тоқтатқан дейді. Олар республика астанасы Бангиден басқа бір қалаға бара жатқан. Оларға не болғаны белгісіз. Марқұмдарды туыстары таныды. Ресейдің сыртқы істер министрігі Африкада кино түсіруші топтың қаза болғанын ресми түрде жариялады. Журналистік құжаттары бар үшеудің есімдері: Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемаль. Марқұмдардың денелері Банги қаласына жеткізілді. Орхан Джемаль – ресейлік танымал журналист, әскери жанжалдар және мұсылман елдері бойынша көп еңбек еткен. Ол Солтүстік Кавказда, Ауғанстанда, Иракта, Ливан мен Сирияда жұмыс жасаған. 2008 жылы тамыздағы Ресей-Грузия соғысы туралы "Бес күндік соғыс хроникасы" кітабын жазған. Бұның алдында Орталық Африка Республикасында үш ресейліктің қаза тапқаны хабарланды, марқұмдардың екеуінің "Известия" пресс-картасы болған. ОАР-да 2013 жылы президент Франсуа Бозизе биліктен тайдырылған соң, қайтадан жанжал оты тұтанды. Оның ізбасары Фаустин-Армене Туадера ел астанасы Банги мен оның айналасына ғана билік жүргізіп отыр. Республикаға БҰҰ-ның 13 мың бітімгер күштері орналастырылған. Елдің басым бөлігін 15 топ өзара бөліп билеп отыр.