Елбасы биліктің мәнін түсіндірді

Елбасы биліктің мәнін түсіндірді

Елбасы биліктің мәнін түсіндірді
ашық дереккөзі
ҚР Президентінің Телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзіндіні жариялады. Видеода Елбасы «билік» деген сөздің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бір сөзбен жауап беру қиын деп ойлаймын. Маған дейін де көптеген данышпандар бұл сұраққа жауап берген. Билік дегеніміз не? Билік - ол жауыздық дейді. Ақша да адамға бақыт әкелмейді. Сондықтан осы кедергінің бәрінен арылып, қарапайым адам болып өмір сүру керек. Бақыт деген - осы. Бірақ біз, басшы болу, билік ету маңдайына жазылғандар, басқаша пікірлеуге тиіспіз. Сондықтан, мен бірнеше қырынан қараған болар едім. Билік - ол ең алдымен жауапкершілік. Лауазымың неғұрлым жоғарылаған сайын жауапкершілік те соғұрлым арта түспек», - дейді Мемлекет басшысы.