Qazaq Kuresi-нен Азия чемпионаты өтеді

Qazaq Kuresi-нен Азия чемпионаты өтеді

Qazaq Kuresi-нен Азия чемпионаты өтеді
ашық дереккөзі
Қазақтың ұлттық күресінен өтетін жарысқа әлемнің 10 елінен 50 спортшы қатысады деп күтілуде. Чемпионат 26 тамыз күні, Астанағ қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.  Бүгін Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолия елдерінің спортшылары чемпионатқа қатысатындарын растады. Сондай-ақ, Иран, Пәкістан, Үндістан сынды елдер спортшыларын сынға дайындау үстінде. «Халықаралық қазақ күресі федерациясының негізгі міндеті - спортшыларды, мамандар мен әуесқойларды спорттың аталған түрінен жоғары нәтижеге жету жолында біріктіру. Сондай-ақ, қазақ күресін тек Қазақстанда ғана емес, шетелге таныту міндеті тұр. Жарты жылдың ішінде халықаралық чемпионат өткізіп үлгердік. Оған әлемнің 40 елінен спортшылар келіп қатысты. Сонымен қатар, жақында ғана Батумиде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті. 26 тамызда өзімізде, Астанада, ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Халықаралық федерацияның бас хатшысының кеңесшісі Ұлан Рысқұл. Сондай-ақ, жарыс сегіз салмақ дәрежесінде және абсолюттік салмақтық дәрежеде өтеді.