Жаңа субұрқақтар

Жаңа субұрқақтар

Жаңа субұрқақтар
ашық дереккөзі
Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бұрынғы жеті субұрқақты қайта жөндеу және тоғыз жаңа фонтан салу жоспарланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бұрындары қаланың тарихи орталығын жаңарту барысында ескерусіз қалған фонтандарды қалпына келтіру бойынша тапсырма бергені белгілі. Ұлттық кітапхана, «Жетісу» қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтарды қайта жасау жоспарланды. Жаңа субұрқақтар Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Жібек жолы, Мәметова және Райымбек көшелерінің арасына салынады. Бассейн ыдысы сияқты дәсүрлі фонтандармен қатар «құрғақ субұрқақтар» да іске қосылуда, мұнда айналмалы су жүйесі, судың биіктігі ескерілген. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде.