Жаңа үй, жаңа аула

Жаңа үй, жаңа аула

Жаңа үй, жаңа аула
ашық дереккөзі
Сүлейменов көшесінің қилысы мен Жандосов көшесінен жоғары орналасқан ұй тұрғындарын уақытша орналастыру мен 50-жылдары салынған үйлерді сүру жұмыстары басталып кетті. 8 пәтерлі үйдің орнына «Алматы ӘКК ҰК» АҚ жеке құрылыс жүргізушімен бірге орталықтандырылған коммуникация жүйесі бар көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Жалпы, осы аймақта 44 ескі үйлер сүріледі. Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы бойындағы 2,7 гектар жерге орналасқан екі қабатты апатты үй сүріледі. Жалпы, таяу жылдары 500 ескі және апатты үйлер бұзылып, олардың орнына 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Жаңа аулаларды салу кезінде балалар және спорт алаңдары, тренажер және ойын кешендері пайда болады. Олардың едендеріне асфальт және резина төселеді, орындықтар мен урналар қойылып, жарық көздері орнатылады. Кейбір аулаларға пилотты режимде күн сәулесімен жұмыс істейтін жарық бағаналары орнатылған. Кейін олар өзге аулаларды жөндеген кезде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кезде Абай, Абылай хан, Назарбаев даңғылдары мен Абай алаңында инженерлік желілерді қайта жүргізу, тас төсеу, жарық бағаналарын, суару жүйелерін ауыстыру және нысанның сыртқы келбетін өзгерту жұмыстары жүріп жатыр. Реконструкция аясында жаяу жүргінші аймағы кеңейіп, көлеңкелі кеңістікке жасыл желек отырғызылады.