Жаса, жайна, Алматы!

Жаса, жайна, Алматы!

Жаса, жайна, Алматы!
ашық дереккөзі
Жастардың мың бояулы әсем қаласы Алматы күн санап жаңарып келеді. Әр қазақтың жүрегінен ойып алған орны бар шаһар заманауи күйге енуде. Ескіліктің сыны кетіп, өңі мен түсі тозған құрылыстар жаңарды, әдемі көшелер де көз қуаныш болуда. Жаяу жүргіншілер жолы кеңейіп, заңсыз қоршаулар құлатылған. Ал қала архитектурасының түр-сипатын бұзатын дүкендер, асханалар мен жаздық террассалар, сауда орындары бекітілген стандартқа сай қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қаланың тазалығы бір бөлек. Кезінде қыста қары тазаланбайтын, дауылдан кейін жерге түскен бұталар жиналмайтын, жазда сыпырылмайтын көшелер – бүгінде тап-таза күйге енген. Салқындатқышы бар жаңа автобустар, ақылды бағдаршамдар – барлығы да қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін жасалған. Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 ауланы қайта жасау жоспарланып отыр. Жер асты өтпелі жолдардың барлығы күрделі жөнделіп, жаңа фонтандар салынбақ. Сондай-ақ, бұрын Жөндеу жүргізілген Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жақында жаңа образға енеді.