Президент кубогы – 2018

Президент кубогы – 2018

Президент кубогы – 2018
ашық дереккөзі
Теннистен ел президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы жүлдеге арналған халықаралық жарыс басталды. Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан дәстүрлі теннис додасы 22 шілдеде аяқталады.  width= 205 мың АҚШ долларын  30 елден келген 100 теннисші сарапқа салады. Тіпті әлемдік рейтингкте ТОП-100 қатарына енетін спортшылар да өнер көрсетеді. Қазақстан атынан сайысқа Тимур Хабибуллин, Денис Евсеев, Роман Хасанов, Гөзел Айнетдинова, Анна Данилина және Жібек Құламбаевалар түседі. Жарысқа қатысып бастаған Дмитрий Попко болса жарақатына байланысты белорус Дмитрий Жирмонтқа қарсы кездесуге шыға алмады.  width= Ұйымдастырушылар аталған теннис бәсекесін болашақта «АТР TOUR» санатына кіргізіп, абыройын одан әрі көтермек ниетте екен. Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев: «алға қойған міндеттерді еңсеру үшін, мықты теннисшілерді шақырып, жоғарғы деңгейдегі теннис сайысын ұйымдастырып отырмыз» деді.