№ 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды

№ 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды

№ 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды
ашық дереккөзі
Астана қаласының № 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Астанадағы № 2 перинаталдық орталығында 16 шілдеде сағат 09.25-те босанған әйел қайтыс болды. Көмек көрсету барысында ана мен бала ұлттық орталығының мамандары мен кардиохирургиялық орталықтың профессоры тартылды. Реанимациялық іс-шара қолданылғанмен, әйелді құтқару мүмкін болмады", -  деді басқармадағылар.  Босанған әйелдің қызын құтқарды. Оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.  "Бұл іс бойынша, комиссия сараптама жүргізіп жатыр. Нәтиже барысында өлім себебі анықталады", - деді басқарма өкілі. Еске сала кетейік, осыған дейін Астананың № 1 перинаталдық орталығында босанған екі әйелдің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. "Екі әйел қайтыс болды. Біріншісі - 1983 жылғы келіншек 21 маусымда таңғы сағат 5-терде қайтыс болды. Ол өзі босанды. Екіншісі 31 жастағы келіншек 25 маусымда сағат 04.03-те қайтыс болды. Ол кесарев тілігімен босанды. Екеуінде де соматикалық аурулар тіркелді", - деп хабарлаған еді ауруханадағылар.